Аргентинада он қабатты ғимарат қирады: зардап шеккендер саны белгісіз

АСТАНА. KAZINFORM – Аргентинаның Вилья-Гессель қаласында (Буэнос-Айрес провинциясы) сейсенбіге қараған түні апартаменттік қонақ үй орналасқан он қабатты ғимарат қирады, деп хабарлайды Kazinform EFE агенттігіне сілтеме жасап.

В Аргентине обрушилось десятиэтажное здание: количество жертв неизвестно
Фото: efe.com

Қаза болғандар немесе жараланғандар саны әзірге хабарланған жоқ. Ғимараттың қирау себебі де белгісіз.

Құтқарушылар ғимарат құлаған кезде іште қанша адам болғаны жайлы ақпарат бере алмады. Бірақ кейбіреулерімен байланысқа шыққандарын хабарлады. Қазір адамдарды шығару үшін үйінділер алынып жатыр.

Қала мэрі Густаво Баррераның айтуынша, ғимараттың іргетасы мен он шақты қабаты қираған. Көрші тұрған үйге де зақым келген.

«Апартаменттік қонақ үйде қанша адам тұрып жатқаны туралы нақты мәлімет жоқ. Біздің болжамымыз бойынша, алты-жеті адам болуы керек», - деді ол.

Қазір сол жерде жүзге жуық өрт сөндіруші мен төтенше жағдай қызметкерлері жұмыс істеп жатыр.

Филиппиндегі Трами дауылынан 85 адам қаза тапты.

 

Соңғы жаңалықтар