Ыстық, тұман, жел: 24 тамыз күнгі ауа райы болжамы жарияланды
АСТАНА. KAZINFORM — Қазгидромет 21 тамызда ауа райына байланысты ескерту жариялады.
Бүгін еліміздің басым бөлігінде тұрақсыз ауа райы сақталады. Найзағай ойнап, жаңбыр, бұршақ жауады. Жел тұрып, елдің солтүстігінде, орталығында, шығысында, оңтүстік-шығыстың таулы аудандарында қатты жаңбыр жаууы мүмкін.
Батыс, оңтүстік-батыста ауа райы жауын-шашынсыз болады. Республика бойынша желдің күшеюі болжанған.
Елдің оңтүстігінде шаңды дауыл болып, түнгі және таңертеңгі уақыттарда солтүстікте, солтүстік-батыста, орталықта тұман болуы ықтимал.
Күндіз Батыс Қазақстан облысының батысында +35+38°С, Атырау облысында +34+39°С, Маңғыстау облысында +37+42°С қатты ыстық болады.
Айта кетейік, Шығыс Қазақстан облысында қыркүйек айының басында ауа райы ыстық болғанымен, кейін өңірдің жекелеген аудандарында үсік жүруі мүмкін.