Италия президенті премьер-министрдің отставкаға кетуін қабылдамады
Бейсенбі күні Драги үкіметі Сенаттың қолдауына ие болды. Алайда «Бес жұлдыз қозғалысының» депутаттары дауыс беруге қатысқан жоқ. Олар заң жобасының энергетикалық дағдарыс пен инфляциядан зардап шеккендерге көмек бөлу туралы бір тармағымен келіспей, басқарушы коалициядан шығамыз деп қорқытты. Драги мұндай жағдайда отставкаға кететінін бұған дейін де мәлімдеген болатын.
Бес жұлдыз қозғалысында бұған дейін де келіспеушілік болып, Сыртқы істер министрі Луиджи ди Майо құрамнан шығып кеткен. Ол партия жетекшісі Джузеппе Контені Украинаға көмектесуге ниет білдірмегені үшін айыптайды.
Ди Майоның жақтастары қазіргі үкіметті қолдайды. Бірақ «Бес жұлдыз» коалициядан шығуға шешім қабылдаса, олардың соңынан корона дағдарысымен және оның салдарымен күресу үшін өткен жылы құрылған альянстың басқа мүшелері еруі мүмкін.
Фото: Ettore Ferrari / EPA / TASS