Италия прокуратурасы М.Әбілязовтің отбасын депортациялау шешімін заңды деп тапты - ҚР Бас прокуратурасы

Бұл туралы бүгін Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында ҚР Бас прокуратурасының ресми өкілі Нұрдәулет Сүйіндіков мәлімдеді.
Оның айтуынша, тексеріс барысында полиция А. Шалабаеваның Италия аумағында Орталық Африка Республикасы Аян Алманың атына берген жалғандық белгілері бар төлқұжатпен жүргенін анықтады. «Сараптама нәтижелері құжаттың жалған екенін растады. Бұл Италияда қылмыстық тұрғыда жазаланатын әрекет болып табылады», - деді ресми өкіл.
Оның мәліметінше, Италия билігі Шалабаеваны қызы екеуін Қазақстанға депортациялау шешімін қабылдады.
«Сәйкесінше, Шалабаева мен қызының құқықтары мен бостандықтары Италия құқық қорғау органдарының тарапынан бұзылды деген Әбілязовтің барлық мәлімдемелері негізсіз», - деді Н. Сүйіндіков.
1 маусымда Шалабаева қызымен Қазақстан Республикасына депортацияланды. Италия құқық қорғау органдары Әбілязовті анықтау мен ұстау бойынша шараларды жалғастыруда.
«Шалабаеваға ешқайда кетпеу түріндегі бұлтартпау шарасы қолданылды. Оның өз өтініші бойынша тұрғылықты жері ретінде Алматы қаласы таңдалды», - деді ресми өкіл.