Италияда Қазақстаннан асырап алған балаларға арналған мереке өтті

Қазақстандық дипломаттар бүлдіршіндер мен олардың ата-аналары үшін елшілік аумағына - тарихы ежелгіримдік дәуірге жататын атақты Манзони вилласына экскурсия ұйымдастырды, концерттік және ойын бағдарламасын, суреттер конкурсын, балалар дискотекасын әзірледі, қазақстандық мультипликациялық фильмдер көрсетілді.
Мерекелік шаралар бағдарламасындағы бастысы оған қатысушылардың елшіліктің негізгі көрнекті орны - қазақтың киізүйімен, сондай-ақ қазақстандық халықтың мәдениетімен және дәстүрлерімен танысуы болды. Қонақтарға ұлттық тағамдар ұсынылды.
Қазақстан Республикасының Италиядағы елшілігі қазақстандық балаларды асырып алған отбасылармен жиі кездесу ұйымдастырып тұрады. Мұндай кездесулердің мақсаты асырап алынған қазақстандық балалардың мәдени тамырларын ұмытпауына қолдау көрсету, ана тілін және туып-өскен елінің тарихын білуге құштарлығын ояту.
Мерекеге қатысқан балалар үшін бұл шара олардың өз отаны - Қазақстанның өткенімен және бүгінімен жақынырақ танысуларына мүмкіндік берді.