Италияда морокколық азамат көлікпен бір топ адамды соқты: зардап шеккендер бар

АСТАНА. KAZINFORM – Италияның Модена қаласында ер адам көлікпен топтасып тұрған адамдарға соғылып, салдарынан жеті адам зардап шекті. Бұл туралы ll Giornale газеті жазды.

Италиядағы жол апаты
Фото: ilfattoquotidiano.it

– Ер адам қала орталығында көлігімен жаяу жүргіншілерді қағып кетті: жеті адам жарақат алды, олардың екеуінің жағдайы ауыр, – делінген ақпаратта. 

Тәртіп бұзушының марокколық 31 жастағы ер адам екені хабарланды.

Басылым мәліметінше, ер адам оқиға орнынан жаяу қашып кетпек болған. Оны бір ер адам ұстауға тырысқан кезде, күдікті оны пышақпен жарақаттаған. Кейін көп ұзамай полиция күдіктіні қолға түсірді.

Зардап шеккендердің нақты саны анықталып жатыр. ll Giornale басылымының хабарлауынша, соққының қатты болғаны сонша, зардап шеккендердің бірі екі аяғынан айырылған.

Еске сала кетсек, наурыз айында Ыстықкөлде жантүршігерлік жол апаты болып, салдарынан 6 адам қаза тауып, 3 адам ауруханаға түсті.