17:50, 21 Қазан 2015 | GMT +5
ІV Еуразиялық форум 22-23 қазанда Веронада өтеді
АСТАНА. ҚазАқпарат - 2015 жылы 22-23 қазанда Верона қаласында (Италия) IV Еуразиялық форум өтеді. Оны «Петербор халықаралық экономикалық форумы» қоры мен «Еуразияны танимыз» қауымдастығы бірлесіп ұйымдастырады.

Бұл туралы ТАСС агенттігі хабарлады.
Алқалы жиынның негізгі тақырыбы - «Экономикалық қарым-қатынасқа деген инновациялық көзқарас және жаңа саяси диалог жолында бірлесу».
Форумға Ресей, Италия, Қырғызстан, Армения, Беларусь, Үндістан, Қазақстан, Қытай мен Оңтүстік Кореяның билік және іскерлік орта өкілдері қатысады.