Иван Чернухин: Елімізге тарихи алтын медаль сыйлағанымыз үшін қуаныштымын

НАГОЯ.KAZINFORM — Жапонияның Нагоя қаласында өтіп жатқан ХХ жазғы Азия ойындарында академиялық ескек есу спортынан Қазақстан қоржынына тарихи алтын медаль түсті. Ерлер арасында жұптық сында өнер көрсеткен Владислав Яковлев және Иван Чернухин Kazinform тілшісіне жарыстан кейінгі әсерін айтып берді.

Иван Чернухин
Фото: ҰОК

Иван Чернухин жеңісті соңғы сәтте жұлып алғанын айтты.

— Бұл менің бірінші Азия ойындарым. Өте сәтті, әрі нәтижелі өтті деп есептеймін. Жаттығыуымыз да ойдағыдай өтті. Жарыста соңғы сәттерде қарсыластарымыздан озып кеткен сәт ерекше есте қалады, — деді ол.

Сонымен қатар, спортшы командаласы Владислав Яковлев бүгінгі жеңіске көп үлес қосқанын жасырмады.

Ескек есу
Фото: Нұрғали Жұмағазы

— Біз өзіміздің алдымызға қойған мақсатымызға жеттік. Бүгінгі жеңіске қасымдағы командаласымының мол тәжірибесі де әсер етті. Ол маған әрдайым көмектесіп, кеңесін айтып отырды. Владислав тәжірибелі спортшы. Олимпиада ойындарының қатысушысы. Сонымен қатар, Азия ойындарына бұған дейін төрт рет қатысып, жеңіс түғырынан көрінген болатын, — деді Иван Чернухин.

Владислав Яковлев алдағы жоспары туралы айтты.

— Бәрі тамаша! Біз елге тарихи жүлде сыйлағанымызға қуаныштымын. Алға қойған мақсатым 2028 жылғы Олимпиадаға жолдама алып, жүлдегер атану. Ол үшін аянбай еңбек етемін, — деді спортшы.

Осыған дейін хабарлағанымыздай, Милад Карими спорттық гимнастикадан ерлер арасындағы еркін жаттығудың финалында сәтті өнер көрсетіп, қорытынды есепте екінші орын алды.

Сонымен қатар, Қазақстандық семсерлесуші Кирилл Проходов финалдық бәсекеде  Олимпиада чемпионы Кано Кокиге есе жіберіп, күміс жүлде қанжығалады.