Азиада-2026: Кирилл Проходов Азиада ойындарының күміс жүлдегері

НАГОЯ. KAZINFORM — Қазақстандық семсерлесуші Кирилл Проходов Жапонияда өтіп жатқан XX жазғы Азия ойындарының финалында өнер көрсетті.

Кирилл Проходов жасөспірімдер мен кадеттер арасындағы Азия чемпионатында қола алды
Фото: ҰОК

Отандасымыз ерлер арасында семсерлесуден сапы сайысының ақтақ сынында екі дүркін Олимпиада чемпионы, жапондық Кано Кокимен шеберлік байқасты.

Қорытындысында, қазақстандық спортшы 13:15 есебімен қарсыласына есе жіберіп, күміс жүлдені қанжығалады.

Жартылай финалда Кирилл Проходов Гонконг өкілі Фон Хой Сунды 15:13 есебімен жеңген болатын.

Осыған дейін хабарлағанымыздай, Владислав Яковлев және Иван Чернухин Қазақстан үшін Азия ойындарының тарихындағы академиялық ескек есуден алғашқы алтын жүлде сыйлады.

Милад Карими спорттық гимнастикадан ерлер арасындағы еркін жаттығудың финалында сәтті өнер көрсетіп, қорытынды есепте екінші орын алды.