20:03, 21 Тамыз 2025 | GMT +5
Иван Иванов Азия чемпионатында ядро лақтырудан қола алды
АСТАНА. KAZINFORM - Оңтүстік Кореяның Мокпо қаласында өтіп жатқан жеңіл атлетикадан Азия чемпионатында ядро лақтырудан қазақстандық Иван Иванов қола алды.

Құрлықтық додада алғашқы екі орынды Қытай спортшылары өзара бөлісті.
Сары құрлық бәсекесіне 17 елден 121 қатысушы бақ сынап жатыр. Жарыс 22 тамызда аяқталады.
Еске салсақ, бұдан бұрын жеңіл атлетикадан Азия чемпионатында Қазақстан құрамасы 6 медаль алды.
Оңтүстік Кореяның Гуми қаласында өткен жеңіл атлетикадан Азия чемпионатында Қазақстан құрамасы командалық есепте төртінші орынға тұрақтады.
Ел құрамасынан Нора Джеруто (3 000 метр кедергілер арқылы жүгіру, 5 000 метр) екі алтын алса, одан кейін Дейзи Джепкемей (10 000 метр) чемпиондық тұғырға көтерілді.