Израильде білімін жетілдірген медициналық қызметкерлердің бірінші тобы Таразға оралды
деп хабарлады облыстық денсаулық сақтау басқармасынан.
Денсаулық сақтау басқармасы бастығының орынбасары Төленбек Сауырбаевтың айтуынша, Тараз қаласының бір топ дәрігері Израильдің Кфар-саба қаласындағы «Мейр» клиникасына неонатальдық хирургия бойынша білім сапасын арттыру мақсатымен жіберілді.
Дәрігерлер үшін нақты мақсат қойылды - бұл Жамбыл аймағы үшін өзекті болып табылатын ана мен бала өлімі мәселесін шешу үшін неонатальдық хирургияны ұйымдастыруды үйрену.
«Дәрігерлеріміздің шетелде біліктіліктерін арттыру үшін қаржы аймақтарды 2011-2015 жылдарға дамыту бағдарламасына салынған», - деп түсіндірді Т.Сауырбаев.
Шетелге барған дәрігерлер арасында облыстық балалар ауруханасынан балалар хирургы Нұртуған Әлқуатов пен анестезиолог Ербол Әлімқұлов, Тараз қаласы емханасы мен балалар ауруханасының дәрігерлері - перинитальдық орталығының гинекологы Жаңыл Егембердиева, реаниматолог Ирина Юлдашева мен неонатолог Айгүл Әбілдаева бар.
Өзінің бірегей операциялары мен емдеудің заманауи әдістемесімен танымал «Мейр» ауруханасында өткен алты айлық тәжірибе барысында тараздық дәрігерлер балалар хирургиялық бөлімінде, перинитальдық орталық пен көршілес бөлімдердегі жұмыстың ұйымдастырылуымен танысуға мүмкіндік алып, туа біткен ауруларға ұшыраған балаларға операция жасауға қатысты, деп қосты Т.Сауырбаев.