Ұлттық құрылтай Ұлттық құрылтай

Израильдің бұрынғы Премьер-Министрі Эхуд Ольмерт VIII Еуразиялық медиа-форумға қатысу үшін Қазақстанға келеді

АСТАНА. Сәуірдің 20-сы. ҚазАқпарат /Руслан Ғаббасов/ - Израиль мемлекетінің бұрынғы Премьер-Министрі Эхуд Ольмерттің сәуірдің 22-24 аралығында Алматы қаласында өтетін VIII Еуразиялық медиа-форумға қатысуы жоспарлануда.

Израильдің бұрынғы Премьер-Министрі Эхуд Ольмерт VIII Еуразиялық медиа-форумға  қатысу үшін Қазақстанға келеді
Бұл туралы бүгін елордадағы брифингте ҚР Сыртқы істер министрлігінің баспасөз хатшысы Ілияс Омаров мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат. Оның айтуынша, конференция барысында қазіргі әлемдік қауымдастықты алаңдатып отырған экономикалық қаржы дағдарысы мен бүгінгі таңдағы журналистиканың алдында тұрған мәселелер, ақпарат кеңістігі және блогосфераның даму феномені талқыланатын болады.