Израильдің Қазақстанмен қарым-қатынасындағы оң серпін болашақта да сақталады - А.Либерман
ЛМАТЫ. Шілденің 16-сы. ҚазАқпарат /Данияр Сиқымбаев/ - Бүгін Алматыда ЕҚЫҰ Сыртқы істер министрлерінің бейресми кездесуі аясында ЕҚЫҰ қазіргі төрағасы, ҚР Мемлекеттік хатшысы-сыртқы істер министрі Қанат Саудабаев Израиль Вице-премьері, Сыртқы істер министрі Авигдор Либерманмен кездесу өткізді.
«Біз Қазақстанды аса маңызды миссия - ЕҚЫҰ-ға төрағалық етуге қолдау көрсетуге келіп отырмыз. Бұл халықаралық Ұйымдардың ең маңыздыларының бірі. Осындай Саммитті Орталық Азия мен Қазақстанда өткізу осы Ұйым мен Қазақстанның тарихындағы маңызды күн болып саналады. ЕҚЫҰ Саммитін Астана өткізудің де маңызы мен мәні орасан болмақ.
Бізде Қазақстанмен өте жақсы да тең дәрежелі қарым-қатынастар қалыптасуда, жоғары деңгейде де байланыстар жақсы деңгейде, министрліктер деңгейінде де белсенді алмасу жүріп жатыр. Біз Израильдің Қазақстанмен қарым-қатынасында оң серпін болашақта да сақталатынына сенеміз», - деді А.Либерман.