Израиль Хезболланың Ливанның оңтүстігіндегі нысандарға соққы жасағанын хабарлады

АСТАНА. KAZINFORM – Ливанның оңтүстігіндегі шекарадағы жағдай қайтадан ушықты, деп хабарлайды Kazinform меншікті тілшісі.

Израиль сообщил об ударах по объектам «Хезболлы» на юге Ливана
Фото: x.com / @IAFsite

Израиль армиясы сейсенбі күні Ливанның оңтүстігіндегі бірнеше аймақта «Хезболла» нысандарына бірқатар шабуыл жасағанын мәлімдеді. 

Израиль қорғаныс күштерінің (ЦАХАЛ) мәліметінше, нысаналардың қатарында «Хезболланың» әскери қанаты – «Радван» күштері пайдаланатын жаттығу кешені, сондай-ақ бірнеше құрылымдар мен ұшыру алаңы болды. 

ЦАХАЛ бұл инфрақұрылым Израильге қарсы шабуылдарды дайындау және ілгерілету үшін пайдаланылғанын және қол жеткізілген келісімдерді бұзу деп қарастырылғанын атап өтті.

- Нысаналарға соққы жасау және Израиль мемлекетіне қарсы әскери әрекеттерге дайындық – Израиль мен Ливан арасындағы келісімдерді бұзу және Израиль мемлекетіне қауіп төндіру, - деп мәлімдеді ЦАХАЛ. 

Бұл шабуылдар Израиль мен Ливан атысты тоқтатуды бақылайтын әскери комитетке азаматтық өкілдерін жібергеннен кейін бір аптадан аз уақыт өткен соң жасалды. Бұл қадам АҚШ президенті Дональд Трамптың Таяу Шығыс бастамасына сәйкес келіссөзді кеңейтуге бағытталған қадам ретінде қарастырылып отыр. 

Ливанның NNA ақпарат агенттігі Израиль ұшақтары елдің оңтүстігіндегі бірнеше аймаққа бірқатар әуе шабуылдарын жасағанын хабарлады.

Бұған дейін Израиль Ливанның оңтүстігіндегі «Хезболла» қару-жарақ қоймаларына шабуыл жасағанын жазған болатынбыз

Соңғы жаңалықтар