Израиль Иранға әуе шабуылдары кезінде Әли Лариджанидің қаза тапқанын жариялады
АСТАНА.KAZINFORM - Израиль Иранның қауіпсіздік жүйесіндегі маңызды тұлғаның жойылғанын мәлімдеді. Алайда Тегеран оның қазасын әлі растаған жоқ, деп хабарлайды Kazinform агенттігінің мешікті тілшісі.
Израиль Ирандағы операция кезінде Иранның Жоғарғы Ұлттық қауіпсіздік кеңесінің басшысы Әли Лариджаниге әуеден шабуыл жасап, жойды. Израиль қорғаныс министрі Исраэль Кац бұл туралы сейсенбіде мәлімдеді.
- Премьер-министр екеуміз ЦАХАЛ-ға Ирандағы террор мен қысым режимінің басшылығын іздеуді жалғастыра беруді тапсырдық, - деді Кац.
Израиль қорғаныс күштері Лариджанидің шабуыл нысаналарының бірі болғанын растады. Қазіргі уақытта оның қаза болғаны туралы ресми растау жоқ.
🔴Ali Larijani, Secretary of Iran’s Supreme National Security Council and the regime’s effective leader, has been eliminated.
— Israel Defense Forces (@IDF) March 17, 2026
Throughout the years, Larijani was considered one of the most veteran and senior figures within the Iranian regime leadership, and was a close associate… pic.twitter.com/kBIgSSGBm0
Израиль БАҚ-тарының хабарлауынша, шабуыл Лариджанидің ұлымен бірге тұратын пәтеріне бағытталған. Ол бұған дейін көпшілік алдында сөз сөйлеген, соның ішінде өткен жұмада Иерусалим күніне арналған іс-шараларға қатысқан.
مسيرة يوم القدس | شارع الثورة | طهران | ٢٢ آذار ٢٠٢٦ | بعد ١٣ يوماً من استشهاد سماحة آية الله العظمى الشهيد السيد علي خامنئي pic.twitter.com/yg99r2SGkg
— Ali Larijani | علی لاریجانی (@alilarijani_ir) March 13, 2026
Түнгі операцияның нәтижелеріне түсінік бере отырып, ЦАХАЛ-дың штаб бастығы Эяль Замир науқан барысына әсер етуі мүмкін нысандарды жоюда «айтарлықтай табыстарға» қол жеткізгенін мәлімдеді. Ол сондай-ақ Иран аумағында жұмыс істейтін палестиналық ұйымдармен байланысты элементтерге шабуыл жасалғанын қоса айтты.
Израиль тарапының мәліметінше, дәл осы операция Иранның әскерилендірілген күштері «Басидж» қолбасшысы Голамрезе Сүлейманиге де бағытталған. Ол да қаза тапты деп болжанды, бірақ Иран мұны да растаған жоқ.

Әли Лариджани кім?
Әли Лариджани - Иранның саяси және қауіпсіздік жүйесіндегі маңызды тұлға.
2025 жылдың тамыз айынан бастап ол Иранның Жоғарғы Ұлттық қауіпсіздік кеңесінің хатшысы қызметін атқарды және осы органдағы Жоғарғы Көшбасшының өкілі саналды. Лариджани бұған дейін 12 жыл (2008–2020) Иран парламентінің спикері қызметін атқарды. Бұған дейін ол Иранның бас ядролық келіссөз жүргізушісі (2005–2007) қызметін атқарды. Соңғы жылдары ол көбінесе «қалыпты консерватор» ретінде сипатталды.
Лариджани сонымен қатар Жоғарғы Көшбасшы Әли Хаменеидің жақын одақтасы және ол қайтыс болғаннан кейін үкіметтегі ең ықпалды тұлғалардың бірі болып саналды.
Оның ағасы Садек Лариджани парламент пен Иран Конституциясының Қамқоршылар кеңесі арасындағы дауларды шешетін негізгі орган - Мақсаттылық кеңесін басқарады.
Осыған дейін Иранның Жоғары Көшбасшысы Моджтаба Хаменеидің Ресейде емделіп жатқаны туралы хабарладық.