Ұлттық құрылтай Ұлттық құрылтай

Израиль - Қазақстан әскері үшін қару-жарақ жеткізетін негізгі елдердің бірі

АСТАНА. ҚазАқпарат - Израиль, Қытай Халық Республикасы мен Ресей Федерациясы Қазақстан әскері үшін қару-жарақ пен әскери техника жеткізетін негізгі елдер екен. Бұл туралы ҚазАқпарат агенттігінің ресми сауалына жауап бере отырып, ҚР Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Израиль - Қазақстан әскері үшін қару-жарақ жеткізетін негізгі елдердің бірі

«Израиль, Қытай және Ресей Федерациясы Қазақстан армиясы үшін қару-жарақ пен әскери техника жеткізетін негізгі елдер»,-деп хабарланған Қорғаныс министрлгінің жауабында.

Жалпы, баспасөз қызметінің хабарлауынша, Қорғаныс министрлігі қару-жарақ пен әскери техника саласында бірқатар мемлекеттік реттеу шараларын қабылдапты.

«Біріншіден, Қазақстан Республикасы Қарулы күштерінің, басқа да әскерлер мен әскери құрылымдарының жарақтануында тұрған қару-жарақ пен әскери техника туралы мәліметтерді жүйелендіретін ҚР Қарулы Күштерінің, басқа да әскерлері мен әскери құрылымдарының қару-жарағы мен әскери техникасының кадастры әзірленді»,-деп хабарланған жауапта.

Екіншіден, дереккөзіне сүйенсек, Қорғаныс министрі былтыр 21 қаңтарда «Қазақстан Республикасы Қарулы күштерінің, басқа да әскерлері мен әскери құрылымдарын жарақтандыруға қару-жарақ пен әскери техниканы қабылдау қағидаларын бекіту туралы» бұйрыққа қол қойған екен.

«Шет елдерден Қазақстанға қару-жарақ жеткізетін тараптармен іскерлік қарым-қатынас орнататын орган ретінде Қорғаныс министрлігінің жанынан «Қазарнаулыэкспорт» республикалық мемлекеттік кәсіпорны құрылды»,-деп хабарлады Қорғаныс министрлігі.