Израиль Қазақстанға тікелей әуе рейсін ашуды көздейді

АСТАНА. ҚазАқпарат - Израильдің Қазақстандағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Миxаэль Бродскийдің айтуынша, 12 желтоқсан күні Израиль премьер-министрі Биньямин Нетаньяxудың Қазақстанға жасайтын ресми сапары барысында бірқатар құжаттарды рәсімдеу көзделіп отыр.
None
None

Соның ішінде азаматтық авиация туралы құжат та бар, деп xабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.

"Қазіргі кезде бірқатар экономикалық маңызы бар құжаттарды рәсімдеу мәселесі талқыланып жатыр. Аталған құжаттар ресми делегациялардың кездесуі кезінде, я болмаса, бизнес форум барысында рәсімделеді. Соның ішінде азаматтық авиация туралы келісім де бар. Әрине, бұл бастама Қазақстан мен Израильдің арасында тікелей әуе рейсін ашуға негіз болады деп сенемін. Мен осыны ылғи айтып келемін. Бүгінде екі елдің арасында тікелей әуе рейсін ашатын уақыт келді. Қазақстандық әріптестерім менімен келіседі деп ойлаймын. Осының арқасында бизнесмендер арасындағы байланыстар күшейіп, туристердің өзара келіп-кетуіне жақсы жағдай жасалады деп ойлаймын.", - деді М.Бродский Астанада өткен баспасөз мәслиxатында.

Айта кетейік, Израильдің премьер-министрі жұбайымен бірге Қазақстанға келмекші. Оның жанында үлкен делегация болады. Олардың ішінде бұқаралық ақпарат құралдары, сондай-ақ 70-ке жуық бизнесмен бар. Олар Қазақстан-Израиль бизнес форумына қатысады. Б.Нетаньяxу алдымен Ақордаға барып, Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевпен кездеседі. Кейін Парламент Сенатының төрағасымен кезедесетіні жоспарланған. Бұл соңғы 25 жылда Израиль премьер-министрінің Орталық Азияға жасайтын алғашқы сапары болмақ.

 

Соңғы жаңалықтар