Израиль Ливанға соққы беріп, ХАМАС қолбасшысы қаза тапты

АСТАНА.KAZINFORM  - Тель-Авив Израиль азаматтары мен сарбаздарына шабуыл жасауға қатысы бар деп айыптаған ХАМАС ұйымының жоғары лауазымды өкілінің көзі жойылды.

Израиль Ливанға соққы беріп, ХАМАС қолбасшысы қаза тапты
Фото: Quds News Network x.com / @QudsNen

Жұма күні түнде Израиль дроны Ливанның оңтүстігіндегі Сидон қаласындағы тұрғын үйге шабуыл жасап, үш адам қаза тапты.

«Хезболланы» қолдайтын Al Mayadeen ақпарат агенттігінің хабарлауынша, соққыдан ХАМАС-тың аға қызметкері Хасан Фархат қаза тапқан.

Израиль қорғаныс күштері Израильдің Ливанның жағалауындағы Сидон қаласына түнде жасаған әуе шабуылынан Ливанның батысындағы ХАМАС күштерін басқарған ХАМАС-тың жоғары дәрежелі қолбасшысы Хасан Фархаттың қаза тапқанын растады.

Израиль әскері Фархат соғыс кезінде Израильдің бейбіт тұрғындары мен ЦАХАЛ әскеріне қарсы көптеген шабуыл жасады және Израиль армиясының базаларына жасалған зымыран шабуылына жауапты болды, деп мәлімдейді.

- Соңғы айларда лаңкес Израиль мемлекетіне қарсы лаңкестік әрекеттерді дайындауға қатысқан және оның қызметі Израиль мемлекеті мен оның азаматтарына қауіп төндірді, - делінген Израиль қорғаныс армиясының мәлімдемесінде.

Айта кетейік, Израиль қорғаныс министрі Исраэль Кац Газадағы операцияны кеңейтіп, аумақтың «үлкен бөлігін», соның ішінде Израиль армиясы құрған «қауіпсіздік аймақтарын» алатынын айтты.

Соңғы жаңалықтар