Израиль Президенті Қазақстан халқын Жаңа жылмен құттықтап, алдағы 2010 жылғы ЕҚЫҰ-ға төрағалығына табыстар тіледі

sp;АСТАНА. Желтоқсанның 30-ы. Қазақпарат - Бүгін Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев израильдік тараптың бастамасы бойынша Израиль Мемлекетінің Президенті Шимон Переспен телефон арқылы сөйлесті.
None
None

Әңгімелесу барысында екіжақты ынтымақтастықтың даму келешегінің мәселелері талқыланып, өңірлік қауіпсіздік мәселелері бойынша өзара пікір алмасты. Атап айтқанда, тараптар келесі жылы АӨІСШК кезекті саммитін өткізудің маңыздылығын атап өтті, деп хабарлады ҚР Президентінің баспасөз қызметі.  

Израиль Президенті Қазақстан халқын алда келе жатқан Жаңа жылмен құттықтай отырып, Қазақстанның 2010 жылы ЕҚЫҰ-ға төрағалығына табыстар тіледі.

Соңғы жаңалықтар