Израиль шабуылдарынан Ливанда қаза тапқандар саны 2509 адамға жетті
АСТАНА. KAZINFORM – Израильдің Ливан аумағына жасаған шабуылдары салдарынан қаза тапқандар саны 2509 адамға жетті, деп хабарлайды Анадолу.
Ливан Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, 2 наурыздан бері жүргізілген шабуылдар нәтижесінде 7755 адам жарақат алған.
Ресми деректерге сәйкес, қақтығыстар жалғасып жатқан кезеңде құрбандар саны айтарлықтай артқан.
Айта кетейік, 17 сәуірде атысты тоқтату режимі күшіне енгеніне қарамастан, Израиль әскері шабуылдарын жалғастырып отыр.
Бұған дейін Ливан мен Израиль Вашингтонда екінші келіссөз раундын өткізетіні хабарланды.