Израиль Ұлыбритания, Аустралия және Канаданың Палестина мемлекетін мойындағанын айыптады

АСТАНА. KAZINFORM — Израиль премьер-министрі Биньямин Нетаньяху жексенбі күні Ұлыбритания, Канада және Австралияның Палестина мемлекетін мойындау шешімін сынады, деп хабарлайды Синьхуа.

Нетаньяху пригрозил Катару из-за присутствия лидеров ХАМАС
Фото: x.com / @IsraeliPM

— Мен 7 қазандағы қорқынышты қырғыннан кейін Палестина мемлекетін мойындаған көшбасшыларға нақты айтарым бар. Сіз терроризмге үлкен марапат беріп отырсыз, — деді Б. Нетаньяху, 2023 жылғы қазанда палестиналық қозғалыс ХАМАС-тың Израильдің оңтүстік аймақтарына жасаған шабуылды еске салып. 

Израиль премьер-министрі «Иордан өзенінің батысында ешқандай Палестина мемлекеті болмайды» деп мәлімдеді.

Биньямин Нетаньяху жақында Палестина мемлекетін мойындау туралы шешімге АҚШ-тан қайтқаннан кейін жауап беретінін айтты.

— Күтіңіздер, — деп қысқа қайырды ол.

Палестина президенті Махмуд Аббас үш елдің бұл қадамын қолдап, оны «халықаралық заңға сәйкес әділетті және тұрақты бейбітшілікке жетудің маңызды әрі қажетті қадамы» деп атады, деп хабарлайды оның әкімшілігі.

Бұдан бұрын хабарланғандай, Канада, Аустралия және Ұлыбритания Палестина мемлекетін мойындайтынын жариялады. Канада Палестинаны ресми түрде мойындаған G7 елдерінің біріншісі болды.

Бұл ретте британиялықтардың 90 пайызы Лондонның Палестинаны мойындау туралы бастамасын қолдамайтынын жазған едік.

Соңғы жаңалықтар