Jibek Joly арнасы Конституциялық реформа жөніндегі комиссияның бірінші отырысын тікелей эфирде көрсетеді

АСТАНА. KAZINFORM – Отырысты бүгін сағат 14.00-де Jibek Joly телеарнасынан көруге болады.

Бугун — Қозоғистон Республикаси Конституцияси куни
Коллаж: Kazinform / Gov.kz / Canva

21 қаңтарда Мемлекет Басшысы Конституциялық реформа жөніндегі комиссия құру туралы Жарлыққа қол қойып, оның құрамына депутаттар корпусы мен өкілді билік органдарының мүшелері, қоғам қайраткерлері, саясаттанушылар кірген болатын. Бүгін осы комиссия Ұлттық құрылтайдың V отырысында айтылған саяси реформаларды талқылауға арналған бірінші отырысын өткізеді.

Мемлекеттік биліктің сәулеті мен қоғамның қатысу тетіктерін, олардың маңызы мен елдің дамуына ықтимал ықпалын қозғайтын ықтимал бағыттар тікелей эфирде талқыланады.

Осы отырыстың егжей-тегжейін Kazinform тілшілерінің материалдарынан оқуға болады. Трансляцияның мәтін нұсқасын агенттіктің телеграм-арнасында жарияланады.

Осыған дейін Конституциялық реформалар жөніндегі комиссияның алғашқы отырысы өтетіні туралы хабарладық.

 

Соңғы жаңалықтар