К.Байсейітова мен Р.Бағланованы еске алуға арналған - «Гәкку» кеші
АҚТАУ. 4 маусым. ҚазАқпарат - Маңғыстау облыстық М. Өскінбаев атындағы филармонияда
қазақтың әйгілі әншілері - Күләш Байсейітованың туғанына - 100 жыл, Роза Бағланованың туғанына 90 жыл толуына орай «Гәкку» атты еске алу кеші өтті.
Шараны Маңғыстау облыстық мәдениет басқармасы мен филармония ұжымы ұйымдастырды.
Кеште Абыл Тарақұлы атындағы ұлт-аспаптар оркестрінің сүйемелдеуімен ҚР Мәдениет қайраткері Нұрияш Оспанова мен халықаралық «Шабыт» фестивалінің лауреаты Шаһеризада Сапарова және маңғыстаулық жас әнші Әдеміай Ашықбаева өнер көрсетті.
«Бүгінгі мәдени шараның маңызы зор. Музыка әлемінде жұлдыздай жарқыраған Күләш Байсейітованың, Роза Бағланованың әндерін әншілеріміз оркестрдің сүйемелдеуімен жанды дауыста шырқады. Әнші апаларымыздың есімін әрдайым құрмет тұтамыз»,-дейді облыстық М. Өскінбаев атындағы филармонияның директоры Бекбол Базарбаев.