Қ.Көшербаев Ақай ауылындағы балабақша құрылысымен танысты - Қызылорда

Құрылыстың бас мердігері - «Болашақ-Құрылыс» ЖШС. Балабақша үстіміздегі жылдың тамыз айында пайдалануға беріледі. Сонымен қатар, Ақай ауылының халық санының өсу динамикасын ескере отырып, балаларға қолайлы жағдай және сапалы білім беру мақсатында 600 орындық мектеп салынып жатыр. Қазір қолданыстағы білім ошағы 320 балаға арналған. Бірақ мұнда 875 оқушы білім алады. Құрылыс жұмыстары аяқталған соң, екі мектепте де оқушылар бір ауысымда оқитын болады. Түстен кейінгі уақытта түрлі үйірмелер жұмыс жасамақ.
Айта кету керек, екі жыл бұрын Төретам кентінде 600 орындық №269 мектеп ашылған. Білім ошағы салынғанға дейін оқушылар теміржолдың арғы бетіндегі мектепте үш ауысымда қатынап оқыған болатын. Аймақ басшысы мектеп бітіруші түлектерге дайындықты күшейте түсу қажеттігін айтып, алдағы ҰБТ сынағын сәтті тапсыруға тілектестігін білдірді.
Аймақ басшысы сапар барысында «Достық саябағында» болды. Саябақ ішінде тағзым аланы орналасқан. Облыс әкімі Жеңістің 70 жылдығын мерекелеуге дайындық барысымен танысып, Ақай ауылының және Байқоңыр қаласының тұрғындарымен кездесті.