12:14, 05 Қазан 2013 | GMT +5
Қ. Көшербаев «Еуразия банкі» төрағасын қабылдады
ҚЫЗЫЛОРДА. 5 қазан. ҚазАқпарат - Қызылорда облысының әкімі Қырымбек Көшербаев облысқа келген «Еуразия банкі» басқармасының төрағасы Майкл Эгглтонды қабылдады. Бұл туралы облыс әкімінің баспасөз қызметінен хабарлады.

Аймақ басшысы өзінің сөзінде бүгінгі таңда облыс алдында тұрған әлеуметтік-экономикалық даму міндеттері, өңірде жүзеге асырылып жатқан жобаларды инвестициялаудың мүмкіндіктері туралы әңгімеледі. Бұған қазір облыстың даму әлеуеті жетеді. Инвесторлар үшін мұнда барлық жағдайлар жасалған. Банк төрағасы облыс әкіміне жылы қабылдап, аймақтағы ахуалды жан-жақты түсіндіріп бергені үшін алғыс айтты. Ол алдағы 13-14 қарашада өтетін «Байқоңыр» инвестициялық форумына міндетті түрде қатысатынын жеткізді.