Қ.Көшербаев Ұлыбританияның экс-премьері кеңсесінің директорын қабылдады

ҚЫЗЫЛОРДА. ҚазАқпарат - Бүгін облыс әкімі Қырымбек Көшербаев Ұлыбританияның бұрынғы премьер-министрі Тони Блэрдің кеңсе директоры Андреас Баумгартнерді қабылдады, деп хабарлады облыс әкімдігінің баспасөз қызметінен.
None
None

Айта кетейік, Ұлыбританияның экс-премьері Қазақстанда экономикалық даму мен саяси жаңғырту мәселелері бойынша кеңесшілік қызмет атқарады.

Кездесу барысында аймақтың индустрияландырылуы, металлургия кластерін дамыту және экологиялық мәселелер жайы талқыға түсті. Атап айтқанда, «Сырдария арнасын реттеу мен Арал теңізінің солтүстік бөлігін сақтау» жобасы талқыланды. Сондай-ақ, облыс әкімі А.Баумгартнерге Қызылордада кеңсесінің филиалын ашуды ұсынды.

Соңғы жаңалықтар
Референдум