Қ. Қожамжаров ҰҚШҰ ҚК хатшылары комитетінің отырысына қатысты
Ресейлік тараптың ұсынысы бойынша отырыс Шешен Республикасының астанасы - Грозный қаласында өтті.
ҰҚШҰ бас хатшысы Николай Бордюжа ҚКХК отырысына қатысушыларды Ұжымдық қауіпсіздік туралы Шарттар ұйымы мен оған жақын орналасқан өңірлердегі жауапкершілік аймағындағы жағдай туралы хабардар етті. Сондай-ақ 2013 жылғы 23 қыркүйекте Сочиде ҰҚШҰ Ұжымдық қауіпсіздік кеңесі берген тапсырмаларды іске асыру барысы туралы хабарланды.
ҚКХК жұмысының барысында делегация басшылары ҰҚШҰ жарғылық құжаттарында көзделген бағыттардағы бірлескен қызметке қатысты бірқатар мәселелерді қарады. Атап айтқанда, табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайларға ұжымдық ден қою саласындағы Іс-шаралар жоспарының жобалары, сондай-ақ Ұйым аясында жедел ден қою ұжымдық күштерін және әскери-экономикалық ынтымақтастықты одан әрі дамыту мәселелері талқыланды. ҚКХК отырысының нәтижесі бойынша қауіпсіздік кеңесінің хатшылары ҰҚШҰ-ға мүше мемлекеттердің ынтымақтастығын жетілдіруге бағытталған бірқатар бірлескен шешімдерге қол қойды.
Бұған қоса, отырысқа қатысушыларды Шешен Республикасының басшысы Рамзан Қадыров қабылдады.
Грозныйдағы сапар барысында Қ. Қожамжаров пен Ресейдің Қауіпсіздік Кеңесінің Хатшысы Н. Патрушевтің екіжақты консультациясы өтті.