К.Мәсімов: Қазақстан бизнес үшін ашық

Үкімет басшысы өз сөзінде екі ел арасындағы ынтымақтастық әлеуеті өте зор екендігін еске салып, Қазақстанда кәсіпкерлік ортаны дамытуға барлық жағдай жасалып отырғандығын атап өтті.
«Қазақстан бизнес үшін ашық және бизнес жүргізуде Орталық Азиядағы ең үздік ел. Тәуелсіздік жылдары ішінде біз өсімнің мығым тұғырнамасының негізін қаладық. Соңғы жылдардың ішінде ғана Қазақстан экономикасы екі есеге артты. Біз әлемнің ең қарқынды дамушы экономикаларының бірі саналамыз», - деді ол.
ҚР Үкімет басшысының атап өтуінше, 2008 жылдан бері Орталық Азияға құйылған шетел инвестициясының тең жартысы Қазақстан экономикасына салынған.
«Нәтижесінде біз әлемнің барынша бәсекеге қабілетті экономикаларының біріне айналып отырмыз. Біз инвестиция үшін барынша тартымды орта құруға күш салып келеміз. Сіздердің біздің табысты тарихымыздың бір бөлшегіне айналуыларыңызға тілектеспіз», - деді К.Мәсімов.