К.Мәсімов, Қызылорда облысындағы ауыл тұрғындарымен кездесуде: Біз мұнда сіздердің проблемаларыңызды шешу үшін келдік

АСТАНА. ҚазАқпарат - Қызылорда облысына жұмыс сапары барысында ҚР Премьер-Министрі Кәрім Мәсімов Жақсықылыш ауылының тұрғындарымен аймақтағы өзекті мәселелерді және перспективаларды талқылады, деп хабарлады Pm.kz.
None
None

Ауыл тұрғындарымен кездесу кезінде Кәрім Мәсімов: «Әрбір адамның өмірі маңдайына жазылған тағдырымен байланысты. Біз бен сіздерге Елбасымен бірге Тәуелсіз әрі бақуатты Қазақстанда өмір сүру бұйырған екен. Біз мұнда Президенттің тапсырмасымен, сіздердің проблемаларыңызды шешу үшін қуана келдік, бұл жерде талқыланған мәселелер шешілетін болады», - деді.

Кездесу жергілікті Мәдениет үйінде өтті. Мұнда Премьер-Министр ауыл тұрғындарымен аймақтың дамуына қатысты өзекті мәселелерді, атап айтқанда, ауыл кәсіпкерлігін мемлекеттік қолдауды, агроөнеркәсіптік кешенді дамытуды, жастарды жұмысқа орналастыру мен ел аймақтарында әлеуметтік инфрақұрылымды жақсартуды талқылады.

Соңғы жаңалықтар