К.Мәсімов Литва халқын тәуелсіздігінің 25 жылдығымен құттықтады

АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін Қазақстан-Литва бизнес-форумында ҚР Премьер-Министрі Кәрім Мәсімов Литва халқын тәуелсіздігінің 25 жылдығымен құттықтады

К.Мәсімов Литва халқын тәуелсіздігінің 25 жылдығымен құттықтады

«Осы сәтті пайдаланып, сіздің еліңіздің тәуелсіздігінің 25 жылдығымен құттықтаймын. Біз шамамен бір мезгілде тәуелсіз мемлекет айналдық. Дегенмен, біздер бір-бірімізден алшақтамай қайта жақындаса түстік. Мұны біздің мемлекеттеріміздің мүмкіншілігі де паш етіп отыр. Мен литвалық бизнесті осы жерде өздерін үйде жүргендей сезіну үшін Қазақстанға шақырамын», - деді К.Мәсімов Литва Республикасының Премьер-Министрі Алгирдас Буткявичюске қарата.

Айта кетерлігі, бизнес-форумға екі тараптан екі жүзден астам бизнес өкілдері қатысуда. Форум қорытындысында екі елдің кәсіпкерлері арасында бірқатар меморандумға қол қойылады.