К. Мәсімов пен Ц. Цинлинь Қазақстан мен Қытай арасындағы өзара сауда-экономикалық қарым-қатынасты талқылады
АСТАНА. 11 қараша. ҚазАқпарат. Бүгін Үкімет үйінде Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Кәрім Мәсімов Қытай Халықтық саяси консультативтік кеңесі Бүкілқытайлық комитетінің төрағасы Цзя Цинлиньмен кездесті.
Өзара сауда-экономикалық қарым-қатынасты, соның ішінде көлік, энергетика, ауыл шаруашылығы, өнеркәсіп және жаңа технологиялар салаларын одан әрі тереңдету мәселелері бойынша әңгіме өрбіді. Сондай-ақ, инвестициялық және шекаралық ынтымақтастықты дамыту тақырыбы да қозғалды.
Кездесуден соң К.Мәсімов пен Цзя Цинлинь екіжақты сауда-экономикалық ынтымақтастық жөніндегі құжаттарға қол қою рәсіміне қатысты.