К. Мәсімов Руанда Президентімен сауда-экономика саласындағы ынтымақтастықты дамыту мәселелерін талқылады
АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін Астанада Қазақстан Республикасының Премьер-министрі Кәрім Мәсімов елордада жұмыс сапарымен жүрген Руанда Республикасының Президенті Поль Кагамемен кездесу өткізді, деп хабарлайды primeminister.kz.
Кездесу барысында тараптар сауда-экономика саласындағы екіжақты ынтымақтастықты дамыту бойынша бірқатар мәселелерді талқылап өтті.
Кәрім Мәсімов Қазақстанның Африкадағы өзгерістерді үлкен қызығушылықпен бақылап жатқанын атап өтіп, аталған құрлық мемлекеттерімен дипломатиялық және экономикалық байланыстарды кеңейтуге қызығушылығын білдіріп өтті.