К.Мәсімов: Соңғы жылдары әлемдік қоғамдастықтың Орталық Азияға қызығушылығы артып келеді

АСТАНА. ҚазАқпарат - Соңғы жылдары әлемдік қоғамдастықтың Орталық Азияға қызығушылығы артып келеді. Бұл туралы бүгін Қазақстан-Мажарстан бизнес форумында ҚР Үкіметінің басшысы Кәрім Мәсімов айтты.
None
None

«Соңғы жылдары әлемдік қоғамдастық тарапынан біздің өңірге қызығушылықтың артып келе жатқанын көріп отырмыз. Біз көршілеріміз Ресеймен, Қытаймен, сонымен қатар серіктестеріміз Еуропалық одақпен, АҚШ-пен жолға қойған дос пейілді, конструктивті қарым-қатынасымызды мақтан тұтамыз», - деп атап өтті ол.

Сонымен қатар Үкімет басшысы өңірдің ауқымды әлеуетін жүзеге асыру үшін Қазақстан Президенті жаңа ұлттық жобаны іске қосқанын, яғни, Алматыны өңірлік қаржы орталығына айналдырғанын баса айтты.

«Қазақстан сіздердің қызметтеріңіз үшін, өңірдегі нарықтарға шығуларыңыз үшін өте ыңғайлы орналасқан», - деді К.Мәсімов мажарлық әріптесі Виктор Орбанға қарата.

Соңғы жаңалықтар