Қ. Тоқаев Башқұртстан Республикасы Мемлекеттік Жиналысы - Құрылтай Төрағасы К. Толкачевпен кездесті

АСТАНА. 17 наурыз. ҚазАқпарат - Бүгін Парламент Сенатының Төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаев Башқұртстан Республикасы Мемлекеттік Жиналысы - Құрылтай Төрағасы Константин Толкачевпен кездесті.

Қ. Тоқаев Башқұртстан Республикасы Мемлекеттік Жиналысы - Құрылтай Төрағасы К. Толкачевпен кездесті

Кездесу барысында Қазақстан-Башқұрт қарым-қатынастарын, оның ішінде өзара парламентаралық іс-қимылды одан әрі нығайту мәселелері талқыланды.

Қ.Тоқаев атап өткендей, башқұрт делегациясының келуі парламентаралық байланыстарды белсенділендіру тұрғысынан да, Қазақстан-Ресей ынтымақтастығы жағынан да пайдалы болады. «Қазақстан мен Ресейді ең жақын, одақтастық және әріптестік қатынастар байланыстырады»,- деді төраға.

Қазақстан мен Башқұртстан арасындағы ынтымақтастықты дамыту үшін барлық жағдай жасалғанын атап өте келіп, төраға бауырлас халықтар арасындағы сауда-экономикалық және мәдени-гуманитарлық салалардағы байланыстарды нығайту жайында айтты.

Сенат қызметіне қатысты Қ.Тоқаев Қазақстан саяси жүйесіндегі жоғары заң шығару органының маңызды рөлін атап өтті.

Башқұртстан делегациясының басшысы төрағаны БҰҰ-ның Женевадағы бөлімінің Бас директоры қызметіне тағайындалуымен құттықтады.

К.Толкачев сондай-ақ Қазақстан-Ресей қатынастарын, парламентаралық өзара іс-қимылды нығайту, заң шығару саласындағы тәжірибе алмасу үшін Қазақстанға сапарының маңызды екенін атап өтті.