Қ. Тоқаев бастаған парламенттік делегация Венаға жүріп кетті
АСТАНА. 23 ақпан. ҚазАқпарат - ҚР Парламенті Сенатының Төрағасы, ЕҚЫҰ Парламенттік Ассамблеясының Вице-президенті Қасым-Жомарт Тоқаев бастаған Қазақстан парламенттік делегациясы биылғы 23-25 ақпанда Ұйым Парламенттік Ассамблеясының Венада (Австрия) болатын Қысқы сессиясына қатысады.
Форум аясында Тұрақты комитеттің отырысы, сондай-ақ саяси мәселелер және қауіпсіздік, экономикалық мәселелер, ғылым, технология және қоршаған орта, демократия, адам құқы және гуманитарлық мәселелер жөніндегі Жалпы үш комитеттің отырыстары болады.
Парламент Сенатының Төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаев парламентаралық байланыстарды нығайту мақсатында Австрия Республикасы Парламенті Ұлттық Кеңесінің басшысы Барбара Праммермен кездеседі.