Қ.Тоқаев: Қазақстан Президенті - нағыз тарихи тұлға

АСТАНА. 18 қазан. ҚазАқпарат - Қазақстан Республикасы Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың қатысуымен өткен Парламент Сенатының отырысында жаңадан сайланған Палата Төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаев Елбасыға артқан сенімі үшін алғысын айтып, Қазақстан көшбасшысының ел тарихындағы шешуші ролін айрықша атап көрсетті, деп хабарлады Сенаттың баспасөз қызметінен.
None
None

«Сізді бүкіл әлем ұлы мемлекет қайраткері, ұлы реформатор ретінде жақсы біледі, таниды, мойындайды. Мен бұған Біріккен Ұлттар Ұйымында қызметте жүріп тағы бір рет көз жеткіздім. Іс жүзінде біздің Президентіміз нағыз тарихи тұлға. Ол қазақ мемлекетінің негізін салып, аса күрделі экономикалық және геосаяси жағдайда көпұлтты Қазақстанды тұрақты даму траекториясы мен әлемнің алдыңғы қатарлы мемлекеттерінің деңгейіне шығара алды. Жалпы біздің Президентіміз тарихты өз қолымен жасайды деп күмәнсіз айтуға болады», - деді Қ.Тоқаев.

Спикердің пікірінше, 2007 жылғы конституциялық реформалардың арқасында біздің мемлекетіміздің саяси жүйесіндегі Парламенттің рөлі айтарлықтай күшейді. Заң шығарушы орган реформаларды іске асыру және әлемдік аренада Қазақстанның беделді мемлекет ретіндегі әлеуетін нығайтуда маңызды роль атқарады, деп атап өтті Сенат басшысы.

Соңғы жаңалықтар