Қ. Тоқаев Қытай Халық Республикасының Қазақстандағы Елшісі Чэнь Гопинді оның өтініші бойынша қабылдады

АСТАНА. Қаңтардың 19-ы. ҚазАқпарат - Бүгін Парламент Сенатының Төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаев Қытай Халық Республикасының Қазақстандағы Елшісі Чэнь Гопинді оның өтініші бойынша қабылдады.
None
None
Екі мемлекет арасындағы парламентаралық байланыстарды белсенділендіру мәселелеріне тоқтала келіп Төраға ШЫҰ аясындағы ынтымақтастықты дамытуға мүдделілігін білдірді. «Біз ұйым аясындағы парламентаралық қатынастардың бірте-бірте, қадамдап дамуын жақтаймыз», - деді Қ.Тоқаев. Үстіміздегі жылдың шілде айында Астанада Әлем және дәстүрлі діндер лидерлері ІІІ Съезінің өтетіні туралы айта келіп, жоғарғы палатаның басшысы алдағы форумға Қытайдың діни конфессиялары өкілдерінің қатысуының маңыздылығын атап өтті. Чэнь Гопин өз кезегінде қытай жағы жаһандық мәдениетаралық және конфессияаралық үнқатысуды дамыту жөніндегі Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамаларын қолдайтыны және Әлем және дәстүрлі діндер лидерлерінің ІІІ Съезін табысты өткізуге жәрдем беретіні туралы айтты. Жоғарғы палатаның басшысы дипломатты қызметке тағайындалуымен және айтізбесі бойынша келе жатқан Жаңа жылмен құттықтады. Алдағы Жаңа жылды мерекелеуге байланысты Төраға Қытайдың Халық Өкілдерінің Бүкілқытай Жиналысының Төрағасы У Бангоға құттықтау жолдады және тілектестігін білдірді. Қ.Тоқаев Парламент Сенаты Төрағасының шақыруы бойынша Қазақстанға ҚХР жоғарғы өкілді органы басшысының ресми сапары күтіліп отырғанын атап өтті.
Соңғы жаңалықтар