Қ.Тұрғанқұлов ТМД байқаушылары миссиясы штабының жетекшісімен кездесті

АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін ҚР Орталық сайлау комиссиясының төрағасы Қуандық Тұрғанқұлов ТМД байқаушылары миссиясы штабының жетекшісі Евгений Слободамен кездесті.
None
None

«Біз сіздердің қазір ғана Өзбекстанда аяқталған президенттік сайлауға байқаушы ретінде қатысып, жұмыстарыңызды аяқтағандықтарыңызды білеміз. Сіздер үшін қызу жұмыстар болды. Меніңше, екі елдің сайлау барысын салыстыруға зор мүмкіндік бар», - деді кездесу барысында ҚР ОСК төрағасы. Сонымен қатар Қ.Тұрғанқұлов Қазақстан Орталық сайлау комиссиясының ТМД-ның байқаушылар миссиясымен ұзақ жылдардан бері тығыз қарым-қатынаста жұмыс істеп келе жатқандығын баса айтты. «Біз әр уақытта да сіздердің сайлау процесін шынайы байқап, еліміздің сайлау заңнамасын жетілдіруге бағытталған ұсыныстар білдірулеріңізге ризашылық танытамыз. Көптеген ұсыныстарыңыз қолданысқа енгізілді. Қазіргі таңда олардың бірен-сараны ғана енгізілген жоқ. Бұл ұсыныстарды біз алдағы уақытта сайлау заңнамасына енгізуді жоспарлап отырмыз», - деді ол. Сонымен қатар ОСК төрағасы Е.Слободаға президенттік сайлау науқанының үміткерлерді ұсыну және кандидаттарды тіркеу кезеңі аяқталғанын айтып, қазіргі уақытта олардың сайлауалды үгіт жұмыстарына кіріскенін ескертіп өтті.

Соңғы жаңалықтар