Қ.Яссауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетін Түркі әлеміне ортақ оқу орнына айналдырған жөн - ҚР Президенті
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қ.Яссауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетін Түркі әлеміне ортақ оқу орнына айналдырған жөн. Бүгін Ақордада өтіп жатқан Түркі мемлекеттері ынтымақтастығының бесінші саммитінің отырысында ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев осылай деді.
«Түркістандағы Қ.Яссауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетін Түркі әлеміне ортақ оқу орнына айналдырған жөн. Жастарды ортақ тарихи мәдени мұралар негізінде тәрбиелеу біз үшін өте маңызды»,-деді Елбасы.
Осы орайда ҚР Президенті Түркі академиясы дайындаған түркі халықтарының 15 ғасырға дейінгі тарихы туралы оқулық назар аударарлық еңбек екенін баса айтты.
«Аталған оқулықты елдеріміздің мектеп бағдарламаларына енгізу мүмкіндігін қарастырған жөн болар деп ойлаймын»,- деді Мемлекет басшысы.