Қадағалау туралы заңнама талаптарын бұзғаны үшін 170-тей лауазым иесі жауапкершілікке тартылды

«Тиімді атқарылған шаралар нәтижесінде жүргізілген тексерулер саны кемуінің оң тенденциясы байқалады. Биылғы 4 айда өткен жылдың осы мерзімімен салыстырғанда жалпы тіркелген тексерулер саны 10 пайызға ( 39 270-тен 35 406-ға) төмендеген. Сондай-ақ, бизнес субъектілерін тексеру 30 пайызға (20 553-тен 14 471-ге) кеміді», - деп атап өтілген комитет мәліметінде.
Атап айтқанда, тексерілетін субъектілердің қызметіне заңсыз араласудан қорғау мақсатында Комитет 345 (855) тексеру тағайындау актісін тіркеуден бас тартты, оның ішінде 156-сы (484) жеке кәсіпкерлерге қатысты. Сонымен қатар 44 (68) заңсыз тексеру анықталды.
Белгілі болғандай, тексеруді тіркеуден бас тартудың басым бөлігі тұтынушылардың құқықтарын қорғау (68 факті) және ішкі істер органдарына (58 факті) тиесілі, ал салық органдарына - 45, еңбек инспекциясына 40 факті бойынша тіркеуден бас тарту құқығы қолданылған.
«Аталған мерзімде мемлекеттік бақылау және қадағалау туралы заңнаманың талаптарын бұзғаны үшін қолданылған прокурорлық шаралармен мемлекеттік органдардың 167 лауазымды тұлғасы заңмен қаралған жауапкершіліктерге тартылған», - делінген комитет хабарламасында.