22:18, 12 Наурыз 2020 | GMT +5
«KADEX-2020» қару-жарақ көрмесі кейінге қалдырылды
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – «KADEX-2020» қару-жарақ көрмесінің өтетін уақыты кейінге шегерілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігіне сілтеме жасап.

«COVID-19 коронавирусы таралуына және Қазақстан Республикасы Премьер-министрінің қабылдаған шешіміне байланысты «KADEX-2020» VI халықаралық қару-жарақ және технология көрмесінің өткізілу уақыты 2021 жылғы 10-13 маусымға шегерілді.
Ккөрмеге қатысушылар мен делегаттар алдында қабылданған міндеттемелер бойынша барлық қажетті шараларды орындауға дайын екендігімізді хабарлаймыз», делінген хабарламада.