Қағаз нұсқадағы еңбек кітапшалары міндетті ме – министр жауабы

АСТАНА. KAZINFORM — Жұмыс берушелір неліктен әлі күнге дейін еңбек кітапшараларын талап етеді? Бұл сұраққа Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Светлана Жақыпова жауап берді.

Трудовая книжка еңбек кітапшасы
Фото: Kazinform

Оның пайымынша, бұрынғы осы талапты ұмытып, заманауи мүмкіндіктерді пайланған жөн.

- Қазір еңбек шартын бекіту кезінде оны еңбек шарттарын есепке алудың бірыңғай жүйесінде электронды түрде тіркеп, зейнетақы жарналарын аудару сенімдірек. Өйткені, еңбек өтілі сіздің зейнетақы жинақтау жүйесіне қатысу мерзімімен есептеледі, - деді С. Жақыпова Парламент палаталарының бірлескен отырысы алдында тілшілер сұрағына жауап бере отырып.

Сонымен қатар министр қазір жұмысын бастап жатқан жастарда қағаз нұсқадағы еңбек кітапшасы болмаса, бұл жағдай алаңдауға негіз емес екенін айтты.

Еске салсақ, 2023 жылы Еңбек министр еңбек кітапшасы қандай жағдайда қажет болуы мүмкін екенін айтқан еді

Соңғы жаңалықтар