Еңбек кітапшасы керек пе – министр жауабы

Еңбек кітапшасы керек пе – министр жауабы
Фото: sud.gov.kz

Құжаты цифрлық нұсқаға көшірілмеген қазақстандықтардан зейнетке шығар кезде еңбек кітапшасы талап етіледі, деп хабарлайды Kazinform

«Егер азаматтың 1998 жылдың 1 қаңтарына дейін жұмыс өтілі болса және ол жұмыс істейтін жерде кадр қызметі әлі цифрлық нұсқаға көшірілмесе, онда еңбек кітапшасы қажет болады. Ал жұмыс кезінде кадр бөлімі оның еңбек кітапшасын сандық нұсқаға ауыстырса және оны растаса, еңбек кітапшасын ұсынудың қажеті жоқ», - деді Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Светлана Жақыпова Үкімет отырысынан кейінгі баспасөз мәслихатында. 

Ол сондай-ақ еңбек шарттары мен еңбек кітапшасын цифрландыруды көздейтін электрондық еңбек биржасы елімізде 2015 жылдан бастап қолға алынғанын айтты. Дегенмен бүгінгі таңда заңда жұмыс берушіні еңбек кітапшасын цифрлық нұсқаға көшіруге міндеттейтін норма жоқ. 

«Біз әрине, қазақстандықтардың құқығын қорғау тұрғысынан бұл норманы қатаңдатқымыз келеді. Өйткені бізде көптеген электрондық еңбек шарты жасалмайды. Егер Еңбек кодексінде электрондық еңбек шарты міндетті деген норма пайда болса, онда бізде «конверттегі жалақы» (еңбек шартын жасамай, қолма-қол жалақы алу – автор түсіндірмесі) болмас еді», - деді Светлана Жақыпова. 

Соңғы жаңалықтар