Қызылордада Дүниежүзілік тазалық күніне орай денсаулық және демалыс саябағында сенбілік өтті

ҚЫЗЫЛОРДА. KAZINFORM - Бүгін Дүниежүзілік тазалық күніне орай Қызылорда қаласындағы Денсаулық және демалыс саябағында кең көлемді сенбілік ұйымдастырылды.

Қала күніне орай Алматыда жаңа «Алатау» теннис орталығы ашылады
Фото: Қызылорда облысының әкімдігі

Ауқымды шараға облыстық басқармалар мен мекемелердің қызметкерлері, жастар ұйымдарының белсенділері, еріктілер, сондай-ақ қала тұрғындары қатысып, қоршаған ортаның тазалығы мен көркейтілуіне өз үлестерін қосты.

Қала күніне орай Алматыда жаңа «Алатау» теннис орталығы ашылады
Фото: Қызылорда облысының әкімдігі

Шара барысында саябақтың барлық аумағы қамтылып, қоқыс жиналды, ағаштардың түбі қопсытылып, жасыл желектер суарылды. Сенбілікке қатысушылар демалыс орындарындағы орындықтарды тазалап сынған ағаш бұтақтарын жинады. Сонымен қатар, жас көшеттер отырғызылып, гүлзарлар ретке келтірілді. Бұл жұмыстар саябақтың көркін арттырып қана қоймай, тұрғындарға жайлы демалыс орнының қалыптасуына ықпал етті.

Қала күніне орай Алматыда жаңа «Алатау» теннис орталығы ашылады
Фото: Қызылорда облысының әкімдігі

Жастар белсенділері сенбілік кезінде экологиялық мәдениетті насихаттап, табиғатты қорғаудың маңыздылығын түсіндірді. Олар қоршаған ортаның тазалығын сақтау әр азаматтың міндеті екенін, мұндай іс-шаралар тек сенбілік күндері ғана емес, күнделікті әдетке айналуы керектігін атап өтті.

Қала күніне орай Алматыда жаңа «Алатау» теннис орталығы ашылады
Фото: Қызылорда облысының әкімдігі

Шараға қатысушылардың айтуынша, мұндай сенбіліктер ұжымдық рухты көтеріп, адамдарды біріктіріп қана қоймай, экологиялық мәселелерге бейжай қарамауға тәрбиелейді. Сонымен қатар, қатысушылар бұл игі бастама жыл сайын дәстүрлі түрде жалғасып, жаңа буынға үлгі боларына сенім білдірді.

Қала күніне орай Алматыда жаңа «Алатау» теннис орталығы ашылады
Фото: Қызылорда облысының әкімдігі

Дүниежүзілік тазалық күні аясында өткен сенбілік қоршаған ортаны қорғау, табиғатты аялау, қаланың санитарлық жағдайын жақсарту бағытындағы тұрақты жұмыстың бір бөлігі саналады. Осындай іс-шаралар арқылы қоғамда экологиялық жауапкершілік күшейіп, туған өлкені қорғауға деген сүйіспеншілік арта түседі.

Соңғы жаңалықтар