Қалалық ТЖБ өмірде жоқ кәсіпкерлерді тексермек болған - Қызылорда облысы

ҚЫЗЫЛОРДА. 1 маусым. ҚазАқпарат - Қызылорда прокурорлары кәсіпкерлерді заңсыз тексерушілердің жолдарын кесті.
None
None

Бұл туралы облыстық прокуратураның баспаөз қызметі хабарлады.

Прокуратура органдарының жүргізген тексерулері барысында биыл бақылаушы мемлекеттік органдар тарапынан өткен жылға қарағанда кәсіпкердің қызметінде тексеру саны 23 пайызға азайғандығы анықталды. Дегенмен жергілікті атқарушы және уәкілетті мемлекеттік органдар тарапынан кәсіпкерлердің құқықтарын бұзу фактілері әлі де болса кездесіп отыр.

Атап айтқанда, өткен жылы мемлекеттік органдардың тексеру жоспарына 164 кәсіпкер, ағымдағы жылдың тек 4 айында 180 кәсіпкерлік субъектілері заңсыз енгізілген болып шықты. Облыстық санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау департаменті заң талаптары бойынша жылына тек бір рет тексерілетін «Фирма Best Servis LTD» ЖШС-ін 2013 жылдың 1 жартыжылдық тексеру жоспарына заңсыз енгізіп, 3 ай көлемінде 5 рет тексерілуін жоспарлаған.

Заң талаптары бойынша жаңадан ашылған кәсіпкерлерге тексеру жүргізуге 3 үш жылдық мораторий белгіленгеніне қарамастан облыстың төтенше жағдайлар органдары тарапынан 7 жеке кәсіпкерлік субъектілері ағымдағы жылы тексеру жоспарына енгізілген.

Ең сорақысы сол, қалалық төтенше жағдайлар басқармасы тиісті мониторинг жұмыстарының өз деңгейінде жүргізілмеуінен қайтыс болған немесе өз қызметін тоқтатқан жеке кәсіпкерлер «У.Исламбаев», «С.Тулегенова» мен «Союз Транс Групп» ЖШС-нің қызметтерін тексеруді жоспарлаған.

Прокуратура органдары өткен жылы 3 кәсіпкерлік субъектісіне тексеру жүргізу тәртібін бұзғаны үшін 2 тұлғаны әкімшілік жауапкершілікке тартса, биылғы жылдың 4 айында 6 кәсіпкердің қызметінде заңсыз тексеру тағайындаған 3 тұлғаға қатысты әкімшілік істер қозғады.

Соңғы жаңалықтар