Ұлттық құрылтай Ұлттық құрылтай

Калифорниядағы орман өрті 650 гектар аумақты шарпыды

АСТАНА. KAZINFORM — Калифорнияның Лос-Анджелес округінде тұтанған «Саммит» орман өрті бір тәулік ішінде шамамен 650 гектар аумаққа таралып, билік бірнеше аудан тұрғындарын эвакуациялауға мәжбүр болды, деп хабарлайды Kazinform агенттігі ТАСС-қа сілтеме жасап.

орман өрті
Фото: freepik.com

10 шілдеде басталған «Саммит» орман өрті қазіргі уақытта шамамен 650 гектар жерді шарпыған. Калифорнияның өртке қарсы қызметінің мәліметінше, жалынның шығу себебі әзірше анықталған жоқ.

Өрттің тез таралуына байланысты билік бірнеше ауданның тұрғындарын шұғыл эвакуациялады. Қазіргі уақытта қаза тапқандар мен зардап шеккендер туралы ресми ақпарат жарияланған жоқ. Дегенмен Fox News телеарнасының жергілікті бөлімшесі оқиға куәгерлеріне сілтеме жасап, жалынның бірқатар ғимаратқа да жеткенін хабарлады.

Айта кетейік, 2025 жылдың басында Лос-Анджелесте тарихтағы ең жойқын орман өрттерінің бірі болды. Сол кезде «Итон» мен «Палисейдс» өрттері 12 мыңнан астам ғимаратты, оның ішінде танымал тұлғалардың тұрғын үйлерін де күлге айналдырған еді. Ресми дерекке қарағанда, тілсіз жаудан 30-ға жуық адам қаза тапты. Ал өрттің салдарынан денсаулығы нашарлап, кейін көз жұмғандарды қоса есептегенде, құрбандар саны шамамен 440 адам болған.

Еске салайық, бұған дейін Испаниядағы орман өртінен 12 адам қаза тапқанын жазғанбыз.