«КамАЗ» көлігімен соқтығысқан: Ақмола облысында жол апатынан 16 жастағы қыз көз жұмды

АСТАНА. KAZINFORM – Ақмола облысындағы «Астана-Петропавл» тас жолындағы жол апатынан жасөспірім көз жұмды, деп хабарлайды Kazinform тілшісі.

«КамАЗ» көлігімен соқтығысқан: Ақмола облысында жол апатынан 16 жастағы қыз көз жұмды
Фото: Ақмола облысының полиция департаменті

Облыстық полиция департаментінің мәліметінше, аталған тас жолда Hyundai Santa Fe және КамАЗ-55111 көліктері соқтығысқан. 

– Жол апатынан Hyundai Santa Fe көлігіндегі 16 жастағы жолаушы көз жұмды. 65 жастағы жолаушы түрлі дене жарақатымен ауруханаға жеткізілді, - деп хабарлады ведомстводан. 

Қазір полицейлер сотқа дейінгі тергеу амалдарын жүргізіп жатыр, оның қорытындысы бойынша процессуалдық шешім қабылданады. 

Еске сала кетейік, бұған дейін жыл басынан бері алты айда елімізде 15 698 жол-көлік апаты болғанын жазған едік. 

Соңғы жаңалықтар