Камчаткадағы Шивелуч жанартауы теңіз деңгейінен 10 шақырым биікке күл атқылады
АСТАНА. KAZINFORM — Камчатка өлкесіндегі Шивелуч жанартауы теңіз деңгейінен 10 шақырым биіктікке дейін күл атқылады. Бұл туралы Ресей ғылым академиясының Бірыңғай геофизикалық қызметі федералдық зерттеу орталығының Камчатка филиалы хабарлады.
– Спутниктік деректерге сәйкес, Шивелуч жанартауы шамамен теңіз деңгейінен 10 000 метр биіктікке күл шығарды, — делінген хабарламада.
Шивелуч — Камчаткадағы белсенді жанартаулардың бірі. Ол Ескі Шивелуч жанартауынан, ежелгі кальдерадан және белсенді Жас Шивелуч жанартауынан тұрады. Мамандардың мәліметінше, оның жасы шамамен 60–70 мың жыл.
Жанартау Усть-Камчатск округіндегі Ключи кентінен шамамен 50 шақырым, ал Петропавл-Камчатский қаласынан 450 шақырым қашықтықта орналасқан.
Мамандар Шивелучтың атқылауы төмен биіктікте ұшатын ұшақтар үшін қауіп төндіретінін атап өтті.
Айта кетейік, бұған дейін Шивелуч жанартауынан қуатты газ-бу бөлініп, жылу аномалиясы тіркелгенін жаздық.
Ал аұпан айының басында осы Шивелуч жанартауы 6 шақырым биіктікке дейін күл атқылағаны хабарланған.