Камила Оспанова Өзбекстан боксшысын жеңіп, Азия чемпионы атанды
АСТАНА.KAZINFORM - Индонезияның Джакарта қаласында өтіп жатқан Азия чемпионатының финалдық жекпе-жектері басталды.
Еліміздің атынан бірінші болып U19 санатындағы Камила Оспанова (70 келі) шықты.
Бокс федерациясы мәліметінше, отандасымыз ақтық сында әлем чемпионы, Өзбекстан боксшысы Мафтуна Янгиевамен жұдырықтасып, 3-раундтың қорытындысы бойынша 3:2 есебімен басым түсті.
Бокстан Азия чемпионатының финалында, бүгін, 15 шілде күні кімдер шаршы алаңға шығатынын жазған едік.
U19 жас санатында 55 келіге дейінгі салмақта сынға түскен Едіге Нұрғожа Азия чемпионатының қола жүлдесін иеленді.