Канада Парламентінде Қазақстанмен достық тобы құрылады

АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін Мәжілістің Халықаралық істер, қоғаныс және қауіпсіздік комитетінің төрағасы Мәулен Әшімбаев Канаданың Қазақстандағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Шон Стайлмен кездесті.
None
None

Тараптар әңгіме барысында екіжақты байланыстардың өркендеуі мен парламентаралық қатынастардың дамуы жайлы ой бөлісті, деп жабарлайды Мәжілістің баспасөз қызметі.

Елші мен парламентші келе жатқан жылды ынтымақтастық деңгейін арттыра түсуге пайдалану керек деген тоқтамға келді. 2017 жылы екі мемлекет арасындағы дипломатиялық қатынастарға 25 жыл толады, Канада өзінің 150 жылдығын тойласа, Астана ЭКСПО-2017 халықаралық көрмесін өткізеді. Қазақстан БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесіне тұрақты емес мүшеліктің міндеттерін атқаруға кіріседі.

Сонымен қатар жүздесуде Канада Парламентінде қазақстан-канада парламенттік достық тобы құрылатыны мәлім болды. Тараптар бұл парламентаралық үндесудің өзара ынтымақтастықтың жаңа бір бетін ашатындығына сенетіндіктерін білдірді.

Кең көлемде өткен кездесуде екі жақ  экономика мен басқа да салалардағы ынтымақтастықты тереңдете түсуге мүдделілік танытты.

Соңғы жаңалықтар